ӘлемБасты

Қазақстан Катардың жетекші компанияларымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтеді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайылов бастаған қазақстандық делегация Катар мемлекетіне жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед бен Абдурахман әл-Танимен, Муниципалитет және қоршаған ортаны қорғау министрі Абдулла бен Абдулазиз бен Түрки әл-Субайемен, Катар Сауда-өнеркәсіп палатасының бірінші орынбасары Мұхаммед бин Тауар әл-Коваримен, Qatar Airways басшысы Акбар әл-Бейкермен және Qatar Investment Authority мен Hassad Food ұлттық компанияларының басшыларымен кездесулер өтті. Қазақстан-Катар іскерлік кеңесі екі елдің іскер топтарының қатысуымен өтті, онда Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайылов сауда-экономика және инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуеті бар екенін атап өтіп, екі ел арасындағы мемлекетаралық қатынастарды тереңдету мен кеңейтуге жеке секторды белсенді тартудың маңыздылығын атап өтті.

Шара барысында Қазақстанның бірқатар ұлттық компаниясы мен ірі кәсіпорындарының басшылары катарлық бизнес өкілдеріне елімізде шетелдік инвесторлар үшін жасалған экономикалық мүмкіндіктер жөніңде баяндады.

Қазақстандық делегация құрамында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылары, Қазақстан Республикасының сыртқы істер, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, мәдениет және спорт вице-министрлері, мұнымен қоса «BI Group», «Agro Holding Dinara Group», «Target AI», «Evotech CA» секілді ірі компаниялардың басшылары болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button