Елорда әкімдігі климат мәселелері саласындағы көшбасшы әйелдердің келесі буынын қолдау үшін менторлықтың жаңа бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Нұр-Сұлтан C40 Women4Climate тәлімгерлік бағдарламасына қатысатын әлемдегі 17-ші, ал ТМД мен Орталық Азиядағы алғашқы қала болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бағдарлама аясында 10 перспективалы көшбасшы-әйел менторлармен, жеке және мемлекеттік сектордың түрлі салаларындағы көшбасшы әйелдермен жұмыс істейтін болады.
«Нұр-Сұлтан Women4Climate желісіне қосылатын ТМД және Орталық Азия аймағындағы алғашқы қала болатынын қуана хабарлаймыз. Бұл бағдарлама өз уақытында іске қосылып отыр. Себебі біз қала деңгейінде Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ұмтыламыз. Экологиялық тұрғыдан орнықты дамуды қамтамасыз ету басымдықтарымыздың бірі болып саналады. Биыл жаяу жүргіншілерге елордада көлік пайдалануды азайту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Қазір бұл бастаманың оң нәтижесін көріп отырмыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.
Тәлімгерлік бағдарламасына қатысу үшін сауалнама бүгін, яғни 2021 жылдың 17 тамызында c40.org сайтында ашылады.
Тәлімгерлік бағдарламасы қалада тұрақты даму мен климаттың өзгеруін белгілеуге ықпал ететін жергілікті жобалар мен шешімдер процесін жеделдету үшін қалаларды әйелдерге қолайлы етуге жәрдем береді. Табысты жобалар барлық азамат үшін инклюзивті нәтижелерді қамтамасыз етуге қабілетті. Тәлімгерліктен бөлек, аталмыш бағдарлама әйелдерге климаттың өзгеруі туралы білімін кеңейтуге, сондай-ақ қашықтан оқыту және нетворкинг мүмкіндіктерін қамтамасыз ету арқылы көшбасшылық дағдыларын жақсартуға қолдау көрсетеді.
«Біз Нұр-Сұлтан қаласының Women4Climate тәлімгерлік бағдарламасына қатысып жатқанына қуаныштымыз. Орталық Азияның ең жылдам дамып келе жатқан қалаларының бірі – Нұр-Сұлтан экономикалық өсуді инклюзивті климаттық әрекеттермен нығайту мүмкіндігіне ие. Мұндай үлкен қаланың нәзік жандыларды климат саласындағы жоспарға енгізіп, мүмкіндік беретіні қуантады», – деді C40 Cities жаһандық көшбасшылығының жетекшісі Джейн Лумумба.
Қазіргі уақытта тәлімгерлік бағдарламалар Аддис-Абеба, Окленд, Барселона, Фритаун, Лиссабон, Лима, Лондон, Мехико, Монреаль, Жаңа Орлеан, Париж, Кито, Тель-Авив-Яффа, Сидней, Торонто және Ванкувер сияқты қалалары да бар.
Жоба туралы қосымша ақпаратты бағдарламаның ресми сайттарынан алуға болады: www.c40.org және www.w4c.org.