AgroБасты

Шымкентте шегірткеге қарсы күрес шаралары 1810 гектарға жүргізіледі

Биыл Шымкентте үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шаралары 1 810 гектарға жүргізіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есеге артық.

Атап айтқанда, Абай ауданы – 680 га, Әл-Фараби ауданы -100 га, Еңбекші ауданы – 400 га, Қаратау ауданы-630 га құрап отыр.

Зиянкестермен күреске 5,5 миллион теңгеге жуық қаржы қаралды.
Тиісті өңдеу жұмыстарын мердігер «Аккозов Б.Ж.» ЖК жүргізіп жатыр. «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» ММ қалалық филиалы мен қалалық аумақтық инспекциясы өзара бірлесіп алдын ала анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қазіргі таңда қала бойынша 600 гектар алқапқа аспалы және тіркемелі бүріккіштермен химиялық өңдеу жасалды.
Заманауи техникалар қолданылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button