Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Бүгін – Абай күні. Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек», – деп жазды Президент.
Бүгін – Абай күні. Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) August 10, 2021