EducationБасты

Елорда мектептерінің оқушылары халықаралық олимпиадаларда 400-ден астам медаль жеңіп алды

Қала әкімі Алтай Көлгінов олимпиада жүлдегерлерімен кездесті. Бұл туралы әкім Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Интеллектуалдық кеңістік елорда оқушыларының есімімен толықты! Елорда мектептерінің оқушылары халықаралық олимпиадаларда 400-ден астам медаль жеңіп алды. Оқушылар физика, биология, математика, лингвистика, шет тілдері және басқа да пәндер бойынша жоғары нәтиже көрсетті.

Бүгін Халықаралық математика және лингвистика олимпиадаларының жүлдегерлерімен кездестім. Данат Дүйсенбеков пен Фетуллах Сам күміс медальға ие болып, білімділігін, жоғары зияткерлік қабілетін тағы бір мәрте дәлелдеп шықты. Олар осыған дейін де математика пәнінен өткен олимпиадаларда бірнеше рет жүлделі орынға ие болып, жеңімпаз атанған еді.

Дарья Пересыпкина лингвистика пәнінен халықаралық олимпиадада қола медальға ие болды.

Әр оқушыны сенімді жеңісімен құттықтаймын! Бұл – бүкіл команданың еңбегінің нәтижесі. Ал команда мұғалімдерден, оқушылардан және олардың ата-аналарынан тұрады. Ең бастысы — жеткен жетістігіңді қанағат тұтып, тоқтап қалмай, алға ұмтылу керек. Күнделікті еңбегің мен жинаған білімің арқылы ғана жетістікке жетуге болады.

Жеңімпаздарымыздың есімін әлі де еститінімізге еш күмәнім жоқ. Олар – еліміз бен елордамыздың дамуына сүбелі үлес қосар болашақ ғалымдар, биологтар, инженерлер, математиктер. Біз өз кезегімізде балаларымызды қолдап, білім алуы үшін жан-жақты жағдай жасауды жалғастырамыз», – деп жазды елорда әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button