PoliticsБасты

Тоқаев эпидемиологиялық ахуал туралы: Елордадағы жағдай өте күрделі

Мемлекет басшысының қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр. Бұл туралы Ақорданың Twitter парақшасы жазды. Кеңесте Тоқаев елордадағы жағдай өте күрделі екенін атап өтті.

«Соңғы кезде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артып кетті. Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын осы мәселені Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырдық. Сол кезде Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын.

Бірақ, өкінішке қарай, жағдай жақсаратын емес. Керісінше, эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Әсіресе, елордадағы жағдай өте күрделі», деді Президент.

Басқа жаңалықтар

Back to top button