PoliticsБасты

Президент еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізеді

Бүгін Президент еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізеді. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Жиынға премьер-министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады. Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды. Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимыл жоспары қабылданбақ» делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button