Гаити президенті Жовенель Моизге жасалған қастандыққа қатысты ұсталғандардың саны 23-ке жетті, деп хабарлады 24kz Гаити ұлттық полициясына сілтеме жасап.
Бұған дейін қылмыстық топтың 17 мүшесінің ұсталғаны туралы хабарланған болатын.
Полицияның жаңа мәліметтеріне сәйкес, 18 колумбиялық пен бес Гаити азаматы қамауға алынды.