AgroБасты

Қазақстандық фермерлер форвардтық келісімшарттар үшін 60 млрд теңге алады

Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу аясында фермерлерге пайызсыз қаржылық көмек көлемі өткен жылмен салыстырғанда 63% – ға артты, деп хабарлайды «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы «ҰК»АҚ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының форвардтық сатып алуды кеңейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰҚ»  АҚ ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыру көлемін ұлғайтты. Сатып алынатын дақылдардың тізбесі кеңейтілді. Қазіргі уақытта жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, зығыр, рапс, соя, қарақұмық сияқты дақылдар өндірісі қаржыландырылады. Бұл дақылдардың барлығы 12 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруге арналған шикізат тобына кіреді.  

Ағымдағы жылы аванс беру көлемі шамамен 40 млрд. теңгені құрады. Бүгінгі күнге дейін 760 мың тоннадан астам астық келісімшарт жасалды. 2020 жылы форвардтық сатып алуға 24,5 млрд.теңге жұмсалды (480 мың тонна астық сатып алынды). Яғни, өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыру 63% – ға артқан. Күзгі кезеңде бөлінетін қосымша ақыны есептегенде, дәнді дақылдар өндірісіне инвестициялау сомасы 60 млрд. теңгеден асады.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тілектерін ескере отырып, қаржыландыру ақпанның алғашқы күндерінен басталды, бұл көктемгі егіс жұмыстарына уақтылы дайындалуға мүмкіндік берді.

Корпорация ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыру үшін 2,4 млрд. рубль сомасына (шамамен 13,7 млрд. теңге) ресейлік биржада облигация орналастыру арқылы ақшалай қаражат тартты, Еуразиялық даму банкінде және екінші деңгейдегі отандық банктерде кредит желілері ашылды.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қаражатты сыйақы төлеумен тартатынына қарамастан форвардтық қаржыландыру пайызсыз, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігімен жүзеге асырылады. 

Корпорация күзгі кезеңде астықтың жеткізілуіне қарай астықтың резервтік қорын жаңартуды қамтамасыз етеді, елдің мал шаруашылығы мен құс өсірушілер үшін жемшөп қорын қалыптастырады, ұн тарту және басқа да қайта өңдеу ұйымдары үшін астық қорын құрады. Бағалардың маусымдық ауытқуларына қарамастан, сатып алынған көлемдер белгіленген бағамен сатылатын болады, бұл жыл көлемінде осы кәсіпорындардың дайын өнімдерінің бағаларын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button