ӘлемБасты

Илон Маск апат туралы жаңалықтан кейін 5 млрд. долларын жоғалтты

Tesla басшысы Илон Маск электромобильдің апатқа ұшырауы жайлы жаңалықтардан кейін 5 млрд.долларын жоғалтты.  Ол туралы RIA ақпараттық агенттігі Forbes-қа сілтеме беріп жазды.

Айта кетейік, Техаста электромобиль ағашқа түйісіп, өртеніп кеткен еді, апат салдарынан екі адам қайтыс болды.

Кейін Маск апатқа ұшыраған Teslaның иесі толық автономды жүргізу функциясын сатып алмағанын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол автопилоттың толыққанды жұмыс істеуі үшін арнайы жол жабдықтары керек екенін, ал дәл осы апат болған жолда ондай жабдықтың жоқ екенін айтты.

Бүгінгі таңда SpaceX пен Tesla-ның басшысы әлемдегі ең бай адамдар рейтингісінде үшінші орында тұр. Оның байлығының көлемі – 174, 6 млрд. доллар. Көш басында Amazon-ның негізін қалаған Джефф Безос тұр, оның байлығының көлемі – 196, 4 млрд.доллар. Екінші орында Louis Vuitton Moët Hennessy президенті Бернар Арно. Оның байлығының көлемі – 179, 2 млрд. доллар. Төртінші орынға Билл Гейтс, бесінші орынға Марк Цукерберг жайғасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button