«Бізде, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша фермерлер жоқтың қасы. Сондықтан баға мәселесі басқа өңірлердегі фермерлердің экономикалық жағдайына келіп тірелуі мүмкін. Бізге өнімнің барлығы азық-түлік белдеуінде жатқан Ақмола, Павлодар, Қарғанды, Түркістан облыстарынан келеді. Яғни транспортпен тасымалдау құны әсер етпесе одан басқа әсерін көріп отырған жоқпыз», – дейді әкімдік өкілі.
Ерлан Бекмырзаев жанармай бағасы азық-түлік бағасына әсер ете қалған күннің өзінде бұл шаруа министрлік деңгейінде шешілетінін түсіндірді.
«Біз азық-түлік бағасына қатысты ғана шара қолдана аламыз. Жанар-жағармайдың бағасы министрлік тарапынан қадағаланады», – деді басқарма басшысы.