SocialБасты

«Елорда жастары» бағдарламасына қай мамандық иелері қатыса алады?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев «Елорда жастары» бағдарламасына қандай саланың жастары қатыса алатынын атады.

«35 жасқа дейінгі жастарды қолдау бағдарламасы Алматы қаласынан бастау алды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен де осы мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Мұнда да пайыздық мөлшерлемесі 5 пайыз, алғашқы жарна 10 пайыз, несиенің мерзімі – 25 жылға дейін. Бұл жерде жергілікті әкімдік қандай саланың жастарын қолдайтынын өздері таңдап, анықтады. Оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, БАҚ өкілдерін, әлеуметтік сала өкілдерін қолдау қарастырылған. «Елорда жастары» бағдарламасының артықшылығы отбасылы жастар ғана емес, отбасын құрмағандар да қамтылады», – деді Жасұлан Матаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button