«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Нұр-Сұлтан, Қостанай, Талдықорған, Петропавловск, Қызылорда қалаларында болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.