Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы тағы қымбаттады.
Таңғы сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы демалыс күндерімен салыстырғанда 0,15 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 433,32 теңге болды.
Ұлттық банктің 12 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 433,15 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 434,48 теңге сатылса, ал сатып алу – 432,92 теңге. Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 434,19 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 433, 08 теңге.