Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 1 сәуір кешімен салыстырғанда 0,10 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 426,84 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 2 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 426,91 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 425,67 теңге, сатып алу – 427,26 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425,28 теңгеден болса, сатып алу – 426,33 теңге.