Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ фермерлерге көмек ретінде 70 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие бөлді, деп хабарлады Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.
2,4 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржылай қолдау жоспарлануда.
Бүгінгі таңда «Кең дала» бағдарламасы бойынша 1,3 мыңнан астам фермерге 48,6 млрд теңге қаржы берілді. Сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несие береді.
Әрбір өтініш беруші 6 млн теңгеге дейін несие ала алады. Қазіргі уақытта 60-қа жуық шағын шаруашылық жылдық сыйақы мөлшері 6% болатын 370 млн теңгеге жуық несиеге қол жеткізді.