Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Ұйым басшысының құттықтауы ШЫҰ Хатшылығының Бейжіңдегі ғимаратында өтіп жатқан іс-шараның аясында көрсетілді.
«Жыл сайын келетін Наурыз жаңа өмірді білдіреді. Былтыр Наурыз мерекесі жаһандық пандемияның алғашқы күндерімен тұспа-тұс келген. Биыл Наурыз рухы жанданды. Мейрам қоғам мен ұрпақ сабақтастығы арасындағы көпір іспетті», – деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы өз бейнеүндеуінде.