Елдің бас эпидемиологы Судат Самаравираның айтуынша, жақында Туризм министрлігі денсаулық сақтау органдарына шетелдіктерді қабылдау ережелерін өзгертуді сұраған. Жаңа ережелер бірнеше күн ішінде күшіне енеді деп жоспарланып отыр. Сонда Шри-Ланкаға COVID-19-ға қарсы толық вакцинациядан кейін келгендер карантиннен толық босатылады.
Қазір туристер ұшуға дейін 96 сағат ішінде жасалған ПТР-тест нәтижесі теріс болғанда ғана елге кіре алады. Сондай-ақ, елге жеті күнге дейін келген турист екі рет, ал жеті күннен ұзақ уақытқа келген турист үш рет ПТР-тест тапсыруы керек.
Сонымен қатар, министрлік денсаулық туризміне қатысты медициналық ұсыныстарды жеңілдетуді сұраған, өйткені шетелдік қонақтар Шри-Ланкаға көбіне салмақ тастау, стресс жеңілдету және детоксикация, медитация және йога сабақтарына қатысу үшін келеді.