ӘлемБасты

Бойында COVID-19 антиденелері бар нәресте дүниеге келді

АҚШ-тың Флорида штатында жүктілік кезінде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған әйел ағзасында COVID-19 антиденелері бар қызды дүниеге әкелді.

Бұл туралы life.ru жергілікті WPBF телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметтер бойынша, әйел жүктіліктің 36-шы аптасында Moderna компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасының алғашқы дозасын алған. Үш аптадан кейін, қаңтардың соңында ол қызды болды. Дәрігерлер бірден нәрестеден қан талдауын алып, жаңа туған нәрестеде антиденелер бар екенін анықтады.

«Біздің білуімізше, бұл – вакцина салдырған анадан антиденелері бар баланың дүниеге келуі туралы әлемдегі бірінші хабарлама», – деді педиатр Пол Гилберт.

Басқа жаңалықтар

Back to top button