«Бүгінгі күні 14 елмен әуе қатынасы қайта жанданып, рейстер саны аптасына 95-ке дейін көбейтілді. Ең көп жолаушылар саны Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына келеді, 6 қазаннан бастап 1 миллионнан астам адам мемлекеттік шекарадан өтті. 203 мың адам ПТР-тестен өтіп, 1042 науқас анықталды», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Оның айтуынша, елімізде қыркүйек пен қаңтар аралығында КВИ-ді геномдық зерттеу нәтижелері бойынша коронавирустың жаңа штамдары («Британдық», «Оңтүстік Африка», «Бразилиялық») анықталмады.
«Қазіргі уақытта ақпан-наурыз айларында ПТР-тестің оң нәтижелеріне генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр. Оның мутацияға ұшыраған-ұшырамағаны анықталады», – дейді ол.