BusinessБасты

Бизнесті қорғау жөніндегі V форум өтті

Бүгін Бас прокуратура алаңында Бизнесті қорғау жөніндегі V форум өтті. Іс-шара «Атамекен» ҚР ҰКП-ның қатысуымен ұйымдастырылды.

Жиынға «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов,  Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов және бизнес-қоғамдастық өкілдері, ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.

Жиында Бизнесті қорғау жөніндегі жол картасын іске асыру қорытындысы мен жұмыс нәтижесі талқыланды.

Форумды ашып, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов ел басшылығы  кәсіпкерлік саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуде прокурорларға үлкен міндет жүктегенін атап өтті.

«Бүгінде бизнеске қылмыстық іске заңсыз тартудан бастап, әкімшілік кедергілерді азайтуға дейінгі кешенді прокурорлық қорғауды қалыптастырып отырмыз», – деп атап өтті Бас прокурор

«Атамекен» ҰКП және мүдделі тараптармен бірлесіп, бірқатар нәтижеге қол жеткізілді.Тексерулер айтарлықтай қысқартылды. Бизнеске қойылған рұқсаттар мен талаптар 40%-ға (30 мыңнан 17 мыңға дейін) төмендеді. Барлық тексеруді тіркеу автоматтандырылған.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитет «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» жүйесі арқылы заңсыз тексерулердің жолын кеседі.

Қазіргі кезде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша лауазымды адамдар мен қылмыстық қудалау органдарының кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуын тоқтату бойынша шаралар әзірленуде.

Қылмыстық процестің үшжақты моделі енгізіліп жатыр, онда прокурорлар жауапкершілігінің өкілдігі мен жауапкершілігінің ауқымы нақты белгіленген. Бұл шара бизнесмендердің құқығын қорғауда қосымша тетіктердің бірі болады.

Сонымен қатар, кейбір тергеу әрекеттерін прокурордың келісімінен кейін немесе соттың келісімімен ғана жүргізу үшін қылмыстық іс жүргізу кодексіне бірқатар түзетулер дайындалды.

Форум қатысушылары бизнестің карантиндік шектеулерге қатысты проблемаларын жекелей талқылады.

Осы кезеңде прокурорлар 60 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтарын қорғады.

ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев өзінің алғысөзінде прокуратура және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, пандемия кезеңінде бизнес нысандарын заңсыз тексеру және айыппұл салуға қатысты ситуацияны шешуге қол жеткенін атап өтті.

Бас прокуратура, басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, рейдерлік пен бизнес жұмысына заңсыз араласу үшін өкілетті тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша сәйкес түзетулер дайындалды. Мемлекет басшысы бұл мәселені бірнеше рет айтып, жұмысты тездетуді тапсырды.

«Бизнесті қорғауда прокуратура рөлі едәуір күшейтілді. Жұмыс топтарының алаңдарында сәйкес ұсыныстар қорытылып жатыр. Атап айтқанда, енді кәсіпкерлерлік субъектілердің өтінімдері бойынша прокурорлар тікелей тексеру жүргізу мүмкіндігіне ие болады. Прокурорлар қылмыстық тергеу бастаудың заңдылығын тексеріп, тергеудің ақылға қонымды мерзімін белгілейді. Қылмыстық процесс барысында прокурорлармен ревизия өндірісі мақұлданады», – деді «Атамекен» басшысы.

Осы бастамалардың барлығы бизнес тарапынан қолдау тапқанын айтты. Спикер Салық кодексіне ревизия жүргізу шеңберінде салықтық әкімшіліктендіруді оңайлату талап етілетінін атап өтті. Цифрландыру, еңбекақы қорына жүктемені азайту, көлеңкелі экономикадан шығуды ынталандыруға басымдық берілуі тиіс.

Сонымен қатар Төралқа Төрағасы кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеу бойынша жұмыстың жалғасып жатқанына назар аударды, оның  шеңберінде бизнеске қойлатын талаптардың басым бөлігі қайта қаралады.

«Біз бұл ауқымды жұмыс екенін, бақылаушы органдардың барлығы бірдей «қысым жасау тетіктерінен» ерікті түрде бас тартпайтынын түсінеміз.  Сондықтан Бас прокуратура мен басқа да серіктестерімізді осы реформаларды ілгерілетуге барынша атсалысуды сұраймыз», – деді Тимур Құлыбаев.

Бүгінгі таңда «таза парақтан» реттеу шараларын сауатты жазып шығудағы басты міндеттердің бірі жүйелі мәселелерді шешу болмақ, ол үшін мәселелердің бастапқы себебеін іздеу керек. Мұндай ойды форум барысында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов айтты.

«Соңғы 5 жылда әкімшілік жауапкершілікке тартылған кәсіпкерлер саны екі есе өскен, мемлекеттік органдар шешімдері мен әрекетіне шағымдану туралы арыздар 4 есе артқан. Мемлекеттік машина бизнеске жыл сайын жаңа талаптар қояды. Бүгінде талаптардың нақты санын ешкім білмейді. Сәйкесінше – бизнес талаптардың барлығын біле бермейді, нәтижесінде – жауапқа тартылғандардың саны көп».

Рустам Жүрсіновтың айтуынша,  мемлекеттік реттеудің шегі мен шамасын анықтап алған жөн. Тәуекел болмаса – реттеу де болмауы керек, тәуекел бар болса – онда мемлекет реттеу шарасын енгізуге құқылы. Реттеу бизнес, сондай-ақ мемлекет үшін жоғары талаптарды көздемеуі керек.

«Біз керемет заңдарды жаза аламыз, бірақ сәйкес инструментарий болмаса олар кәдеге аспайды. Сондықтан міндетті талаптар тізілімін енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл бизнеске қойылған талаптардың бәрін қамтыған бірыңғай база болмақ. Талап Тізілімде көрсетілген болса, мемлекеттік орган тексеріп, жазалауға құқылы, талап Тізілімде көрсетілмесе – жазалауға жол жоқ», – деді Рустам Жүрсінов.

Сонымен қатар бизнес-омбудсмен мемлекеттік реттеу технологиялардың даму деңгейіне сәйкес келуі мен ақылға қонымды болуын, сонымен қатар бизнес үшін негізсіз кедергілер тудырмай, жүйелі және дәйекті болуы қажет екенін баса айтты.

Бас прокуратура және «Атамекен» ҰКП арасында облыстарда өңірлік жол карталарын жасау арқылы бизнестің жүйелі мәселелерін шешу қажеттілігі туралы келісімдар жасалды.

Бизнесті қорғау жөніндегі V Форум соңында 2021 жылға Өзара ынтымақтастық туралы жол картасына қол қойылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button