«Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде жағдай қиын. Соңғы жылдары су арнасы тартылып, түбі кептеліп қалған . Бұл климаттық жағдайларға байланысты, себебі Мұғалжар тауларында жауын-шашын аз түсуде, қыста қар аз», – деп мәлімдеді ол.
Ведомство басшысының сөзінше, аймаққа комиссия барып, қар қорының қалыңдығы соңғы 10 жылда орта есеппен 34 мм-ді құрағанын анықтаған.
«Бұл ортакөпжылдық көрсеткіштен 20 мм-ге аз. Ал қар қоры өзендер мен көлдерді негізгі сумен қамтамасыз етуші болып табылады. Біз биыл көлдің түбін тазалау жобасын бастаймыз. Қажетті қаржы бөлініп жатыр. Шара көлдегі судың сапасын , гидромихиялық құрамын жақсартуға, Шалқар қаласын шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» – деген М.Мырзағалиев.