AgroБасты

Жамбыл облысында 25 мың гектар егістік жер игерусіз қалған

2020 жылы Жамбыл облысында 2503 гектар игерілмеген егістік жерлері мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал, 7197 гектар егістік үшін жер салығы он есеге дейін көтерілген. Жамбыл облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Бахтияр Көпбосыновтың айтуынша, өңірде барлық бағыттағы жерлерге болжамды космомониторинг, яғни әуе арқылы бақылау жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Космомониторинг нәтижесінде 25 мың гектар егістік жерлердің игерусіз қалғаны анықталған. Мәселен, аталған басқарма басшысы 2019 жылы  облыс аудандарында 35,5 мың гектар егістік жерлер игерусіз қалғанын, осыған байланысты қатаң шаралар қолдануға тура келген.

«Жалпы, Жамбыл облысының жер қоры 14 мың 427,7 гектарды құрайды. Бұл  республика аумағының 5,3 пайызы деген сөз. Оның ішінде ең ауқымды алқап – ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер. Бұл бағытта елді мекендердің жерлері 464,8 мың, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлер 174,7 мың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері 11,6 мың, орман қорының жерлері 4429,0 мың, су қорының жерлері 356,1 мың және босалқы жерлер 1796,4 мың гектарды құрайды. Аймақта игерусіз қалған алқаптарды ауылшаруашылығы айналымына қайта қосу қолға алынған. Мәселен, 2019 жылы 199,1 мың гектар жер экономикалық айналымға қайта қолдануға берілді. Осы мақсатта өткен жылы 18 конкурс өтсе, биыл 100 мың гектар айналымға қосылатын болады. Осы жылы облыста 19 конкурс өткізілмек. Нәтижесінде 117,2 мың гектар ауыл шаруашылық жерлер қайта айналымға қосылады», деді басқарма басшысы Бахтияр Көпбосынов.

Аймақта былтыр бос қалған жерлерге байланысты 25 аукцион өткен.  Оған 74 гектар жер шығарылып, бюджетке 196,4 миллион көлемінде қаражат түскен. Жалпы, өңірде инвестициялық-инновациялық жобаларға жер беріліп тұрады. Соңғы екі жылда жалпы көлемі 3774 гектар жер пайдалануға берілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button