«2021 жылдың 1 ақпанына БЖЗҚ 167 423 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 73,8 миллиард теңгеге 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды», – делінген ақпаратта. Оның ішінде:
– біржолғы зейнетақы төлемдері – 49,6 млрд теңге;
– сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 9,1 млрд теңге;
– зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 6,5 млрд теңге;
– мұрагерлік бойынша төлемдер – 5,9 млрд теңге;
– ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 2,1 млрд теңге;
– жерлеуге берілетін төлемдер – 0,4 млрд теңге;
– мүгедектік бойынша төлемдер – 0,2 млрд теңге.
«Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 25 886 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңге болды», – деді ведомстводан.