Соның ішінде 17,9 млрд теңге жолаушылар тасымалынан, 1,7 млрд теңге жүк тасымалдаудан түскен, деп хабарлады finprom.kz.
Айта кетсек, өткен жылдың қаңтарында әуекомпаниялардың кірісі бір жыл ішінде 31,3%-ке өсіп, 33,1 млрд теңгеге жеткен.
Биылғы қаңтарда елімізде әуе кемелерімен 592,1 мың адам тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,1%-ке аз.
2021 жылдың қаңтарында 2,5 мың тонна жүк пен багаж тасымалдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,1% артық.