EconomyБасты

Алматы экономикасының базалық салаларында өсім бар

Есеп беру кездесуінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 2020 жылдың қорытындысы бойынша мегаполистің экономикалық көрсеткіштерінің өсуі қамтамасыз етілгенін айтты.

Өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы деректі фильмде айтылған мәліметтерге сәйкес, КВИ бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы Алматы экономикасының базалық салаларында өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мысалы, өнеркәсіп көлемі 4,6% – ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 10,6% – ға ұлғайды, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші – 14,2% – ға, байланыс қызметтерінің көлемі 8,2% – ға өсті.

«Біз іс жүзінде барлық экономикалық көрсеткіштерді арттырдық. Саудадағы, тасымалдаудағы және қоймаларда сақтаудағы құлдыраудың экономиканың басқа салаларындағы өсіммен өтелуіне қол жеткіздік. Сонымен қатар, біз жаңа перспективалы секторларды – цифрландыру мен смарт индустрияны, креативті экономика мен туризмді дамытуға серпін бере алдық», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Былтыр Алматыда 2,4 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 971,2 млрд теңгеге жетті. 76,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша – 46,3 мың. Биыл 50 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарда.

Әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінбек. 28 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам оңалтумен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button