AgroБасты

Қаңтар айында мал шаруашылығындағы өндіріс көлемі өсті

Биыл қаңтар айында мал шаруашылығындағы өндіріс көлемі өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті.

«Биылдың қаңтар айында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,5 пайызға ұлғайып, 170,6 млрд теңгені құрады. Бұл өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 2,7 пайызға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Мәселен, ет өндірісінің сойыс салмақтағы көлемі 5,3 пайызға, сүт 3,8 пайызға өсті. Бұл ретте, 10,2 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 100 пайызды құрады. Бұл көлем ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта (жылыжайда) өсіру есебінен қамтамасыз етілді», – деді министр.

Оның айтуынша, өңірлер бөлінісінде республикалық деңгейден жоғары қарқын 3 облыста байқалып, атап айтқанда, Ақмола облысында 114 пайызды, Түркістан облысында 103,2 пайызды, Қостанай облысында 102,7 пайызды құрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button