TechБасты

Биыл елордада 5G интернет іске қосылады

Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин 2025 жылы барлық облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қалалар жоғары жылдамдықты 5G интернетпен қамтылатыны туралы айтты.

«2025 жылы барлық облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қалалар жоғары жылдамдықты 5G интернетпен қамтылады. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында, 2022 жылы Алматы қаласында пилоттық іске қосу жүзеге асырылып, одан кейін республикалық маңызы бар қалаларда және барлық облыс орталықтарында өндірістік пайдалануға енгізіледі», – деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button