ӘлемБасты

Португалия билігі азаматтардың елден шығуына тыйым салды

Португалия үкіметі жаңа коронавирустың таралуын болдырмау үшін Испаниямен шекараны жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұйрық жұма күні күшіне енеді және екі апта бойы қолданыста болады. Сондай-ақ 14 күн ішінде билік азаматтардың елден әуе және жер үсті көлігімен шығуына шектеу қояды. Бұған дейін республика Парламенті төтенше жағдай режимін 14 ақпанға дейін ұзартқан болатын.

Эпидемиямен күресу шаралары адамдардың жүрісін шектейді. Сонымен бірге зейнеткерлікке шыққан дәрігерлерді ауруханаға қайта жұмыс істеуге жұмылдыруға мүмкіндік береді. Билік соңғы уақытта елде инфекцияның таралу қарқыны артып келе жатқанына қатты алаңдаулы.

Соңғы тәулікте елде COVID-19 салдарынан 303 науқас қайтыс болды. Бұл Португалиядағы эпидемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш. 24 сағат ішінде 16 432 адамда коронавирус анықталды.

COVID-19 өлімі мен инфекция жұқтыру саны Лиссабон мен Вале-ду-Тежгу аймағында ең көп тіркелген. Денсаулық сақтау министрі Марта Темиданың айтуынша, мұнда пневмонияның шамамен 50%-ын британиялық коронавирус штамы қоздырған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button