2020 жылы шамамен 7 млн. әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ел бойынша 5,5 млн. құқық бұзушыға 80 млрд. 499 млн. теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза қолданылды, оның 54 млрд. 886 млн. теңгесі өндіріліп алынды.
Сонымен қатар, 3,4 млн. айыппұлдың көп бөлігі алғашқы 7 тәулік ішінде 30,2 млрд. теңге сомасында 50% жеңілдікпен төленді.
Өткен жылы әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 68% – ды құрады.
Ең көп айыппұл Алматы қаласында салынған. 16,4 млрд. теңге сомасына 1,6 млн. құқық бұзушылық анықталды, оның 10,6 млрд. теңгесі төленді.
Екінші орында – елорда Нұр-Сұлтан қаласы. 1 млн құқық бұзушыға 13,5 млрд.теңге айыппұл салынып, 9 млрд. теңге өндірілді.
Ең аз Солтүстік Қазақстан облысында 1,4 млрд. теңге сомасына барлығы 73 мың айыппұл салынды, оның 891 млн. теңгесі өндірілді.
Мемлекеттік органдар арасында құқық бұзушылықтардың ең көп санын ішкі істер органдары анықтады, оларға барлық әкімшілік өндірістердің 90%-дан астамы тиесілі.
Ішкі істер органдары барлығы 52 млрд. теңге сомасына 5,3 млн. құқық бұзушыны жауапкершілікке тартты, оның ішінде мемлекет бюджетіне 35,2 млрд. теңге түсті.
Айыппұлдардың негізгі бөлігін фото-бейнетіркеу камералары тіркеген құқық бұзушылықтар құрады, олар бойынша 26,8 млрд. теңге сомасына 3 млн. астам ұйғарым шығарылды.