Қазақстан мен Қытай СІМ басшыларының келіссөздері
21 қаңтар күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И телефон арқылы келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
«Келіссөздер барысында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының саясат, қауіпсіздік, экономика, сауда салаларында одан әрі дамуы және COVID-19 індетімен күресу бойынша әрекеттестік туралы пікір алмасылды. Тараптар ҚР-ҚХР шекарасындағы өткізу бекеттеріндегі қалыптасқан ахуалдың шешілу жолдарын талқылады»,- деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері және екі мемлекеттің халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестігі бойынша «сағаттарын теңестірді».
Қытай министрі М. Тілеубердіні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, мол жетістіктер тіледі.