Басты

Германиядағы мектептер коронавирус ошағына айналды

Германияда мектептер коронавирус ошағына айналып отыр, деп хабарлайды Jana-kezen.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Германиядағы көптеген мектептерде екі апта бұрын оқу басталған болатын. Берлиндегі 825 мектептің 41-нен коронавирус анықталған. Вирус жұқтырғандар арасында бастауыш сынып пен жоғары сынып оқушылары бар. Қазірдің өзінде жүздеген оқушылар мен мұғалімдер карантинге жабылған.

Сонымен қатар, мектептердегі коронавирус ошағы АҚШ штаттары мен Израилде де анықталды.

Бұған дейін Германияда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп, бір тәулікте 2 мың адамнан қауіпті вирус белгілері табылғаны туралы хабарлаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button