Eco

Абай облысында 160 МВт болатын ЖЭК жобалары дамып келеді

Абай облысында өңірдің табиғи әлеуетін – жел энергиясы мен күн сәулесін пайдалануға негізделген жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бағыты белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі

Бүгінде өңірде жалпы белгіленген қуаты 159,7 МВт болатын 8 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде:

  • 7 жел электр станциясы – 129,7 МВт;
  • 1 күн электр станциясы – 30 МВт.

Жел энергетикасы ерекше орын алады. Өңірдегі ең ірі нысан – Аягөз ауданында орналасқан қуаты 100 МВт «Абай-1» жел электр станциясы.

Сондай-ақ облыста «Винд Чарск», «ВЭС-Чарск», «Чарск Ветер», DES Consulting, Ventum Energy және EastWindEnergy жел энергетикасы нысандары жұмыс істейді.

Күн энергетикасы Жарма ауданында орналасқан қуаты 30 МВт «Жангиз Солар» электр станциясымен ұсынылған.

Сонымен қатар облыста жел және күн энергетикасы саласындағы жаңа жобаларды іске асыру және пысықтау жұмыстары жалғасуда. Бұл өңірде «жасыл» энергетиканы одан әрі дамытуға қосымша мүмкіндіктер қалыптастырады.

Абай облысы бойынша Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменті өз құзыреті шеңберінде электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button