Social

ҚМА «Mellstroy» блогеріне қатысты тергеуді бастады

БАҚ тарапынан келіп түскен сауалдарға орай хабарлаймыз, Астана қаласы бойынша ҚМА департаменті Беларусь Республикасының азаматы, «Mellstroy» лақап атымен танымал блогер Бурим Андрей Александровичты (15.12.1988 ж.т.) халықаралық іздеуге жариялады, деп хабарлайды ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Сот Буримға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ол әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан пайдаланушыларын да нысанаға алған онлайн-казино «Mellstroy.game» платформасын заңсыз ілгерілету мақсатында ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастырды деген күдікке ілінуде.

«Онлайн-казиноны жарнамалау үшін блогер әртүрлі ұтыс ойындары мен челлендждерді жариялаған.

Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy.game атауын, казино логотиптерін және сайт сілтемелерін көрсететін видеолар түсіру ұсынылған», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Бурим Ресей Федерациясында тікелей эфир кезінде адамды ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, 2025 жылдың қараша айында Беларусь Республикасының Минск қалалық соты блогердің барлық платформалардағы арналары мен оның логотиптерін экстремистік материалдар деп таныды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button