Agro
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын цифрлық шешімдер көрмесімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысына деректерді есепке алуға, болжауға және талдауға арналған цифрлық сервистер, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі тиімділікті арттыруды көздейтін отандық стартаптар туралы баяндалды.









