Education

Қазақстан әлемдік үздік 500 университеттің қатарына енді

Қазақстан жоғары білім беру саласында алғаш рет әлемдік көшбасшылардың қатарына қосылды: Times Higher Education World University Rankings 2026 рейтингінде бірден бес отандық жоғары оқу орны жаһандық тізімге енді. Ең басты жетістік – Назарбаев университетінің 401-500 диапазонына кіруі, бұл – қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтер тарихындағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстан аймақтағы көшбасшылығын нығайтты

2025 жылғы нәтижелер бойынша Қазақстан Орталық Азия мен Кавказ елдері арасында ең көп оқу орны енген мемлекетке айналды. Биыл рейтингке бес қазақстандық университет енді, олардың ішінде Nazarbayev University алғаш рет әлемдік топ-500 қатарына көтерілді. Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өз орнын 1201-1500 диапазонында сақтап қалды. Сондай-ақ тізімге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Satbayev University және Қазақ аграрлық зерттеу университеті енді. Осылайша, ел жоғары оқу орындарының саны бойынша ғана емес, сапасы бойынша да өз позициясын күшейтті.

Өңірлік нәтижелер

2026 жылы Орталық Азия мен Кавказ аймағынан рекордтық көрсеткіш – бес елдің 17 университеті рейтингке енді. Times Higher Education сарапшыларының айтуынша, Орталық Азия мен Кавказ әлемдік академиялық кеңістікте «жаңа тартылыс орталығына» айналып келеді. Егер 2020 жылы рейтингте өңірдің үш университеті болса, бүгінде олардың саны алты есеге жуық артқан.

World University Rankings – бұл зерттеу университеттерінің ең ірі және теңгерімді халықаралық рейтингі. Әдістеме 18 көрсеткішке негізделген, олар бес бағыт бойынша топтастырылған:

  • Оқыту (Teaching) – білім беру сапасы мен академиялық бедел;
  • Зерттеу ортасы (Research Environment) – табыс, өнімділік және зерттеу беделі;
  • Зерттеу сапасы (Research Quality) – дәйексөз келтірілуі, зерттеу күші мен ықпалы;
  • Халықаралық бағдар (International Outlook) – шетелдік студенттер, қызметкерлер және жарияланымдар үлесі;
  • Индустриямен байланыс (Industry) – өнеркәсіппен өзара әрекет және патенттік белсенділік.

Бағалау барысында 19 миллион ғылыми жарияланым, 1,5 миллион сарапшының пікірі және 3 мыңнан астам университеттің институционалдық деректері ескерілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button