Тайландтық лоукостер Thai AirAsia X Алматы мен Бангкок арасында әуе рейсін ашады

2025 жылғы 7 қазанда Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Thai Air Asia X компаниясының бас атқарушы директоры Паттра Бусаравонгсе ханыммен кездесті
Паттра Бусаравонгсе әуе компаниясының 2025 жылдың 1 желтоқсанында аптасына төрт рейспен Airbus A330 ұшағын пайдалана отырып, Алматы мен Бангкок арасындағы әуе қатынасын ашу жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Сонымен қатар, Thai Air Asia X Алматыдан Еуропаның Берлин (Германия) және Манчестер (Ұлыбритания) қалаларына Қазақстанның «ашық аспан» режимінде «әуе еркіндігінің» 5-ші дәрежесімен рейстерді орындауға қызығушылық танытты.
ҚР Көлік министрлігі қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтып, елдер арасындағы туризм мен іскерлік байланыстарды дамыту үшін әуе рейстерін ашудың маңыздылығын атап өтті.