Social

Екібастұзда полиция есірткі жеткізу арнасының жолын кесті

Екібастұзға есірткі заттарын жеткізудің ірі арнасы Павлодар облысы және Ұлытау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР Iшкi iстер министрлігі.

Жедел уәкілдер есірткіні тасымалдаудың бағыттары мен тәсілдерін анықтады, есірткі топтарының мүшелері есірткіні сақтау үшін өндірістік кооперативті пайдаланған. Тінту барысында шамамен 64 келі есірткі заттары тәркіленді.

«Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізгені және сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Есірткі арнасын ұйымдастырушы соттың санкциясымен қамауға алынды. Сондай-ақ ұстау кезінде, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, каннабиноидтарды қолдану фактілері анықталды, ол үшін оларға қатысты әкімшілік материалдар жасалды», – делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды “102” телефонға есірткінің заңсыз таралуына қарсы күресте көмектесетін кез келген ақпарат туралы хабарлауға немесе «Police 102» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button