Economy

Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны қандай?

Аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық жиында Абай облысының 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және бюджет қаражатын игеру мәселелері қаралды. Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Отырыста Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы басқармаларының басшылары баяндама жасады.

Жиында өңірдің тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, инвестиция тарту, көлік қызметтері, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларында, тұрғын үйді пайдалануға беруде көрсеткіштердің төмендегені атап өтілді. Инвестиция көлемі бойынша Семей қаласы мен 5 ауданда тоқсандық жоспар толық деңгейде орындалмаған.

Қаржы басқармасының мәліметінше, облыстың 2025 жылға арналған бюджетінің кірістер жоспары 441 606,8 млн теңгені құрайды. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жалпы бюджет жоспарға сай игеріліп келеді. Меншікті кірістер артығымен орындалған. Абай облысы өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар арасында бюджет шығыстарының орындалуы бойынша 3-орынға тұрақтаған.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі салаға жауапты орынбасары, тиісті басқарма басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдеріне барлық көрсеткіштер бойынша бекітілген жоспарды орындау үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button