Social

Алматы тау кластерін дамыту мәселесі елордада талқыланды

Елордада Алматы тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлайды.

Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ тау шаңғысы индустриясының өкілдері мен халықаралық компаниялардың мамандары қатысты.

Кездесу барысында STEM International компаниясының басшысы Винсент Тассар өңірдегі тау шаңғысы туризмін дамыту жобасын таныстырды.

Жобаның негізгі мақсаттары:

  • «Шымбұлақ» курортын кеңейту және оны «Ой-Қарағай» демалыс аймағымен біріктіру.
  • Аспалы жолдар санын 13-тен 35-ке дейін арттыру.
  • Курортқа келетін бір күндік туристер санын 6 мыңнан 24 мың адамға дейін көбейту.
  • Тау шаңғысы трассаларының ұзындығын 41 шақырымнан 90-124 шақырымға дейін ұзарту.
  • Жыл сайынғы туристік ағынды 5 миллион адамға дейін көбейту.

Басқа жаңалықтар

Back to top button