Social

«Игі істер марафоны» апталығы қарттарға көмек көрсетуге арналады

23 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Қарттар күніне арналған үшінші «Мейірімділік апталығы» өтеді

Естеріңізге сала кетейік, 9 шілдеден бастап Қазақстанда мұқтаж жандарға көмек көрсетуге әрбір қазақстандықтың жеке қатысуы арқылы қайырымдылық және волонтерлік мәдениетін дамытуға бағытталған «Игі істер марафоны» жобасы басталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, www.qazvolunteer.kz платформасында «Мейірімділік көрсеткіші» тетігі орналастырылды. Ол «игі істердің» жалпы санын есептейді.

Бүгінгі таңда қазақстандықтар 2045 игі іс жасаған. Жалпы, іс-шараларға ел бойынша 24 мыңға жуық адамы қатысты.

Марафон 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Желтоқсан айында белсенді қатысушыларды «Ең мейірімді өңір», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді оқу орны», «Ең мейірімді ауыл» секілді 10 номинация, соның ішінде марафонды ақпараттандыруға белсенді қатысқан БАҚ өкілдері үшін де арнайы номинация бойынша салтанатты марапаттау рәсімін өткізу жоспарлануда.

«Игі істер марафоны» жобасына қатысу үшін толық ақпаратты www.qazvolunteer.kz сайтынан алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button