Ақтөбе облысында шегірткелерге қарсы 450 мың га өңделді
Ақтөбе облысында итальяндық прус пен азиялық шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары барлық 12 ауданда өткізілуде, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
«Бүгінгі таңда өңдеуге жоспарланған 777 мың гектардың 450 мың гектарында жұмыс аяқталды, бұл жалпы көлемнің шамамен 60% құрайды.
Атап айтқанда, Ойыл ауданында 54000 га аумақ өңделді.
Мамандардың айтуынша, қолданылатын препараттардың тиімділігі 85% құрайды.
74 техника жұмылдырылды» – делінген хабарламада.
Тұрақты жағдайға қарамастан, шегірткелердің пайда болу орындарын анықтау бойынша мониторингтік тексерулер жалғасуда. Оларға 600-ге жуық адам жұмылдырылған.
Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша өңірде АӨК МИК төрағасы Дархан Әбдікәрімов бар, ол жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын бақылауда.
«Облыстағы жағдай бақылауда.
Препараттар мен техника жеткілікті» – деп қорытындылады министрлікте.