PoliticsБасты

Ержан Сейітқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды» – делінген Өкім мәтінінде.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Ғани Өтенұлы Тілеубеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button