Әлем
Экономикалық интеграция ЕАЭО құрамындағы мемлекеттердің экономикасын дамыту
Біз үшін, 2015 жылғы шартта көрсетілгендей, ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» тақырыбында Еуразиялық экономикалық форумында сөз қозғады , деп хабарлайды Ақорданың ресми сайтында
«Экономикалық интеграция түпкі мақсат емес. Бұл тек ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын дамытудың және халықтарының әл-ауқатын жақсартудың бір құралы екенін түсіну маңызды.
Сондықтан экономикалық интеграцияның жетістігі стратегиялар, келісімдер және шешімдердің санымен емес, керісінше, жаңа өндірістер, технологиялар және жұмыс орындарымен бағаланады»,-деді Президент.