PoliticsБасты

Үкіметте Парламент пен Жоғары аудиторлық Палата ұсынымдарының орындалу барысы қаралды

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламент пен Жоғары аудиторлық Палатаның Үкіметтің 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне ұсынымын орындау жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кеңеске қатысушылар блоктық бюджетті енгізу, сыртқы қарыз алу мониторингі, сондай-ақ МЖӘ жобаларын іске асырудан әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалау бөлігінде құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тетіктерін талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев Ұлттық экономика, Қаржы министрліктеріне Жол картасы шараларын сапалы іске асыру үшін құзырлы мемлекеттік органдармен үйлестіру мен өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button