Social

2023 жылдың басынан бері мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 20 мыңнан астам қызмет алды

Осы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 18,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 200 – ымдау тілі қызметін, 2 мың – жеке көмекшінің қызметін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 841 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 308 ОТҚ жеткізуші, 26 мыңнан астам жеке көмекші, 669 ымдау тілін қызметін және 95 санаторлық-курорттық емдеуді  жеткізушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы Порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button