Ақбөкенді қалай сақтап қаламыз және дұрыс пайдаланамыз
Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Зоология институтының және .Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің өкілдері брифинг барысында ақбөкендерді ғылыми зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ғылыми ұйымдармен бірлесіп ақбөкендер популяциясына ғылыми зерттеу жүргізуді жоспарлаған.
Жабайы жануарлардың аңшылық түрі – ақбөкенді пайдалануға ұзақ уақыт тыйым салынғандықтан, қоғамда оның жойылып қаупі туралы қате пікір қалыптасқан. Алайда табиғат қорғау қызметкерлері мен халықтың қолдауының арқасында, қазіргі таңда киік саны қалпына келді деп айтуға болады. Ақбөкендердің әлемдік популяциясының 90- дан астамы біздің елімізде шоғырланған.
Анықтама: Киік саны 2003 жылы 21 мың басты құраса, 2022 жылы 1 млн.318 мыңға жеткен. Бұл КазКРС кезеңінде ең көп бас (1 млн. 200 мың) деп тіркелген көрсеткіштен асып түседі.
Айта кету керек, ақбөкендердің саны елік, қабан, марал, бұлан және басқа да тұяқты жануарлардың аңшылық түрлерінің жалпы санынан 186767 бас) 7 есе көп. Мысалы, ақбөкеннен кейінгі екінші орындағы жануар-елік саны 95597 басты құрайды. Бұл тұяқты жыл сайынғы аң аулау объектісі болып табылады.
«Қазіргі уақытта Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары экологиялық резерв жинақтау, сонымен қатар ақбөкендерді қолға үйретіп, оны республикамыздың мал шаруашылығы мәдениетіне енгізу тәсілдерін пысықтау үшін мамандандырылған питомниктерді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Осындай жұмысты Зоология институтымен де жүргізу жоспарлануда», – деп атап өтті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким.
Осыған байланысты биологиялық негіздемеде популяциялардың ветеринариялық және физиологиялық жай-күйін зерделеу, популяцияның даму болжамдары, таралу аймағы мен көші-қон жолдарын нақтылау, ақбөкендердің азықтық базасын зерделеу, ауыл шаруашылығымен бәсекелестікті төмендету жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін ғылыми мақсатта аталмыш жануарлдарды табиғи ортасынан алу көзделген. Ол үшін киіктердің төлдерін жартылай ерікті жағдайда (вольерде) ұстау көзделген.