ТЖМ Жылу энергетикасы объектілеріндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимыл алгоритмі талқыланды
Бүгін Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіковтің төрағалығымен орталық және жергілікті атқарушы органдармен «Жылу энергетикасы объектілеріндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимыл алгоритмі» тақырыбы бойынша семинар-кеңес өткізілді, деп хабарлайды ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Семинар аясында жылу энергетикасы объектілерінде ТЖ жою кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл мәселелері қаралды.
Семинар-кеңес барысында Екібастұз қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы ТЖ жою тәжірибесі қаралды.
Талқылауға мүдделі мемлекеттік органдардың, ЖАО, ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің өкілдері бейнеконференц-байланыс арқылы қатысты.
Аталмыш семинарды өткізу төтенше жағдайларды жою кезінде жедел және дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.