Бұл қызмет түрі шетелдік нөмірлі автокөліктерді тіркеуге мүмкіндік береді. Сервис Электрондық үкімет порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында жеке тұлғалар үшін 2023 жылғы 23 қаңтардан 1 шілдеге дейін қолжетімді, деп хабарлайды ҚР ЦДИАӨМ-нің баспасөз қызметі.
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы №13 қаулысына сәйкес, қазақстандықтар Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1 қыркүйегіне дейін кіргізген шетелдік автокөліктерін eGov.kz. порталындағы “автокөлікті заңдастыру үшін тексеру” бөлімі арқылы өтініш беруге міндеттелген. Өтініш бойынша B (жеңіл автокөліктер) және D1 (шағын автобустар) санатындағы көлік құралдарының мынадай талаптарға сәйкестігін тексеру қажет:
– көлік транспортын 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелу;
– көлік таранспортында қылмыстық белгілердің болмауы;
– кедендік тазалығы.
Электрондық үкімет порталындағы жаңа сервисті басты бетте «сервистер» бөлімінде және «көлік және коммуникациялар» – «Автомобиль көлігі» бөлімінен табуға болады. Бұл қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасында «жүргізу және тасымалдау» бөлімінде де қолжетімді.
«ҰАТ» АҚ командасы ҚР ЦДИАӨМ және ҚР ІІМ-мен бірлесіп, eGov.kz порталында электрондық өтініш беру үшін жаңа сервисті іске асырды. Шетелдік автокөліктерді заңдастыру рәсімі екі кезеңде жүргізілетін болады. Автокөлік иесі ең алдымен eGov.kz порталында өтініш беруі керек одан кейін арнайы ХҚКО-да автокөлікті тексертіп, көлік транспортын тіркеу үшін төлем жасап және мемлекеттік нөмірді алуға жүгінуі қажет», – деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
eGov.kz порталында электрондық өтініш беру үшін не қажет?
– тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу болуы тиіс;
– Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
– мобильді азаматтар базасында (БМГ) тіркеудің болуы;
– автокөліктің және көлік транспортының бұрынғы иесі туралы барлық қажетті мәліметтерді толтыру;
– өтінімді тексеріске жіберу;
– көлік құралын тексертуден өткізу үшін арнайы ХҚКО-ға электрондық кезекті броньдау.
Қызмет көрсету нәтижесі көлік транспортын заңдастыруға мақұлдау туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап пайдаланушының eGov.kz жеке кабинетіне 15 минут ішінде жіберіледі.
Хабарламаны алғаннан кейін автомобиль иесі автокөлікті тексеру, көлік транспортын тіркеуден өту, 200 мың теңге мөлшерінде тіркеу алымын төлеу, мемлекеттік нөмір мен көлік транспортының куәлігін алу үшін арнайы ХҚКО жанындағы тексеру пункттеріне көлік транспортын ұсынуы қажет.
Жаңа сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Мемлекеттік қызметтер Комитеті мен ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының қолдауымен іске асырылды.