PoliticsБасты

Асқар Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

ҚР әділет министрінің бұйрығымен Асқар Ерболатұлы Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Асқар Үмбетәлиев 1980 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң университетін, Алматы экономика университетін, King’s College London-ды (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы «КазЮжBодСтрой» АҚ-да 4-разрядты монтаждаушы болып бастады.

Әр жылдары Қаржы, Әділет министрліктерінің, «СҚ-Фармация» ЖШС құрылымдарында жұмыс істеді.

2016-2020 жылдары ҚР Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру, ішкі әкімшілендіру департаменттерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет етті; ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығын басқарды.

2021 жылғы ақпан айынан бастап ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button